Мемлекет балаларды балабақшамен қамтыған кәсіпкерлерге қолдау көрсетеді

Мемлекет балаларды балабақшамен қамтыған кәсіпкерлерге қолдау көрсетеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда соңғы үш жыл ішінде 19 мың орынға арналған 500 балабақша ашылды. Соған қарамастан қалада әлі 24 мың бала кезекте тұр. Бүлдіршіндерді мектепке дейінгі мекемемен қамту үшін Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы аясында мықтап қолға алынуда.

Осы жылдың 8 айының өзінде мегаполисте 94 мектепке дейінгі мекеме бой көтерді. Ал жыл соңына дейін тағы 5 мемлекеттік және 40-қа жуық жекеменшік балабақша ашу жоспарланып отыр. Бұл бағдарлама барлық тарап үшін де тиімді дейді мамандар. Кәсіпкерлер кезекте тұрған балаларды балабақшамен қамтуға көмектессе, мемлекет оларға бизнесін дөңгелетіп әкетуіне септеседі.  

«Соңғы үш жылда Алматыда 390 жекеменшік балабақша ашылған. Оның көбісі коттедж үйлерде ашылып жатыр. Бұл Алматы әкімдігінің үлкен жұмысы. Қазіргі таңда бізде Алматы қаласында жекеменшік әріптестік аясында бір айда бір балаға 26 мың ақша бөлініп отыр. Ал енді тамақтың ақшасын ата-аналар өздері төлейді», – деді  Алматы қаласы Білім басқармасының мектепке дейінгі бөлім басшысы Әлия САҒИЕВА.


Новости партнеров