Мемлекет басшысы «Нұрлы жол» теміржол кешенінің тұсауын кесті

Мемлекет басшысы «Нұрлы жол» теміржол кешенінің тұсауын кесті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жол» теміржол кешенінің тұсауын кесті. Алты қабатты ғимараттың жалпы көлемі 126 мың шаршы метрді құрайды. Оған алты қабылдау-жөнелту жолдары жүргізілген. Тәулігіне 35 мың жолаушыға қызмет көрсетуге қауқарлы.

«Вокзал посткеңестік аймақта біреу ғана. Біз Қазақстанның барлық аймағын «Тальго» жүрдек пойыздарымен байланыстырғанымызды білесіздер. Халық көп жүрген сайын, экономикада да белсенділік артады», - деді Назарбаев.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Астана әуежайындағы жаңа терминалдың ашылуына қатысты. Төрт кіреберістен тұратын терминалда жолаушыларды тіркейтін 26 орын мен төлқұжат тексеретін 42 кабина орнатылған. Жаңа жүйе бір сағаттың ішінде 1200 дана қол жүгін өткізуге мүмкіндік береді. Оның басты ерекшелігі  қандай да бір қауіпті жүктер болса, оның барлығы автоматты түрде бірден басқа жолақпен қауіпсіз аймаққа шығарылады. 47 мың шаршы метрді құрайтын жаңа терминал ашылғанмен, рейстерге қызмет көрсету бір аптадан соң басталмақ.  


Новости партнеров