Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Корольдігінің Ішкі істер министрімен кездесті

Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Корольдігінің Ішкі істер министрімен кездесті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сауд Арабиясы Корольдігі мен Қазақстанның құқық қорғау органдары арасындағы қатынас беки түспек. Ақордада Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Ішкі істер министрі Әбдел Әзиз бен Сауд бен Наифпен кездесті. Елбасы екі ел арасында орнаған ынтымақтастықтың маңызды екенін айтты. Сондай-ақ мемлекет басшысы жаһандық терроризм мен экстремизм қаупі төнген заманда екі елдің құзырлы органдарының берік байланыс орнатуының мәні зор екенін алға тартты. Өз кезегінде, Әбдел Әзиз бен Сауд бен Наиф Сауд Арабиясы Корольінің сәлемін жеткізіп, ынтымақтастықты әрі қарай нығайта түсуге ниетті екендіктерін сөз етті.

«Біздің Тәуелсіздігімізге 26 жыл болды. Осы жылдардың ішінде Сауд Арабиясымен бауырлық жақын қарым-қатынаста болуға барлық әрекетті жасап келе жатырмыз. Терроризм, экстремизим жағдайында сіздің жұмысыңыздың мағынасы өте зор. Біздің органдармен бірлесіп жұмыс істейді деп сенемін», - деді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.


Новости партнеров