Мемлекеттік қызметкерге шоколад сыйлағаны үшін 500 мың айыппұл төлейді

Мемлекеттік қызметкерге шоколад сыйлағаны үшін 500 мың айыппұл төлейді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бір қорап шоколад сыйлаймын деп, жарты миллион айыппұл арқалады. Мұндай шешімді сыбайлас жемқорлыққа қатысты заңды бұзғаны үшін жеке кәсіпкерге Петропавл қаласының соты шығарды. 7-ші наурызда әйел адам мемлекеттік кірістер департаментіне алкагольді ішімдік сатуға рұқсат алуға барған. Өзімен бірге тәтті «рақметін» апарған ол, сыйлығын кеңсеге тастап кетіпті. Кәсіпкер бұл ісін халықаралық әйелдер күніне орайластырғанын айтады.

«Мен кәмпитті сыйлық ретінде емес, мереке болғандықтан апардым. Егер мен сыйлық жасайтын болсам, басқа, қымбат зат беретін едім. Және сыйлықты бір қызмет түрін көрсеткені үшін бермей ме? Маған ешқандай қызмет түрі көрсетілген жоқ. Менің жаман ойым болған емес»,-деді Елена ПЕТРОВА.

Енді заңды бұзған тұлға 500 мың теңгеге жуық айыппұл төлейді. Егер сыйлығының бағасы 2 айлық есептік көрсеткіштен көп болған жағдайда, кәсіпкер қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін еді. 


Новости партнеров