Астана базарларында сапасыз азық-түлік әшкерленіп жатыр

Астана базарларында сапасыз азық-түлік әшкерленіп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астана базарларында жыл басынан бері 348 келі сапасыз азық-түлік сөреден алынған. Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті сауда орындарындағы тамақ өнімдерінен 1600-ден астам сынама алса, соның 316-сы теріс нәтиже көрсеткен.

Қаланың қоғамдық денсаулық сақтау департаменті жыл басынан бері елордадағы 5-6 базарды тексерген. «Қауіпсіз өнімді таңда» шара аясында мамандар 1000-на аса сынама алыпты.  Оның 400-ге жуығы тиісті талапқа сай болмай шыққан. Оның 52 пайызында өнімнің таңбалауы дұрыс емес болса, 29 -ында микробиологиялық, 10 пайызынан санитарлы-химиялық қоспалар  табылған, қалған 8 пайызында сатушы тұтунышыны алдағандықтан тәркіленген. Базардағы халық осындай тексерулер жиі өткізіліп тұрса деген ниетте.

«Жақын тұрамын бұл базарға. Осы жерден сауда жасаймын. Екі балам бар. Олардың қауіпсіз тамақтағанын қалаймын.  нитратсыз, сапалы, жаңа піскеніне қатты мән беремін. Осындай шұғыл тексерулер жиі өтіп тұрса өнім сапалы болар еді», - деді Жанара ЖҰМАНОВА.

«Акция аясында біз де сатып алған бір бума бананымызды тексертуге бел будық. Қазір оны маманға береміз. Негізі нитратты тексеру жұмысы бірнеше минуттің арасында аяқталады. Бақылайық. Өздеріңіз көріп тұрғандай, құрылғы мен тесттің арасында ешқандай өзгеріс жоқ. Демек, бұл бананды жеуге болады. Жалпы, мамандар осындай тестпен тексеруін апта сайын өткізеді. Барлығы тегін түрде»

Бүгінгі өткізілген акцияға қарапайым халықтан гөрі, сатушылар көптеп келді. Себебі, сатып тұрғын тауарымыздың қауіпсіз әрі сапалы болуы біз үшінде маңызды дейді.

«Тәркіленген 348 келі тауардың көбісі арнайы таңбасыз, құжатсыз саудаға түскен. Олардың арасында құс еті - 93 келі, малдың еті - 53, 11 келі - балық, сүт өнімдері - 14 келі тартса, ұннан жасалған өнім мен тәтті тағам - 98 келіні құрады. Ал, жеміс-жидек пен көкөніс 30-келіге жуық. Тексерулер әлі де жалғасатын болады,-деді  Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті тағам нысандарын санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің басшысы Айнұр ДӘУЛЕТБАЕВА. 

Базарда саудаланатын азық-түлік өнімдеріндегі нитрат құрамы қалыпты шықты бүгін. Алайда, департамент мамандары азық-түлік өнімдерін сатып аларда, жарамдылық мерзімі мен таңбасына аса мән беру керектігін ескертті. Ал, жеміс-жидекті жумай жеуге мүлдем болмайды. 


Новости партнеров