Мемлекеттік музейде балалар құқығына байланысты көрме ашылды

Мемлекеттік музейде балалар құқығына байланысты көрме ашылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Әр балаға 70 жыл бойы қызмет». Мемлекеттік музейде осындай атпен балалар құқығына байланысты көрме ашылды. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы мен ЮНИСЕФ-тің 70 жылдығына орай ұйымдастырылған шарада 70-ке жуық туынды ел назарына ұсынылды. Шараның негізгі мақсаты - жастардың өз ойларын түрлі шығармашылық бағыт арқылы дамытып, бейбіт қоғамды қалыптастырудың маңыздылығын жеткізу. Байқауға қатысуға еліміздің түпкір-түпкірінен 500 бала өз еңбегін жолдаған.


«Балалардың қызықты жұмыстары өте көп болды. Бірақ жеңімпаз әрдайым жалғыз болуы керек. Негізі жүлдегерлердің жұмысында бізге, ересек адамдарға балалардан үйренер ерекше нәзіктік, іңкәрлік бар»,- деді Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтары федерациясының вице-президенті, Серкан АЯЗБАЕВ.


Аталмыш көрме еліміздің Ақтау, Астана қалаларында да ашылған екен. «Бала құқықтары», «Балаға мейірімді Қазақстан», «ЮНИСЕФ балалар бейбітшілігі үшін» және «Үздік видео ролик» атты төрт номинация бойынша балаларға арнайы дипломдар тапсырылды. Сондай-ақ «Қазақстанның балалары - әлемнің балалары» альбомының тұсауы кесілді. Көрме 27 желтоқсанға дейін жалғасын таппақ.


«Мен мына суретімді қарындасыма қарап салдым және барлық балалар аман-есен, сау болса екен деймін»,- деді 8-сынып оқушысы, Айболат ЖАПАНОВ.








Новости партнеров