Еліміздің мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына орай Алматының Әуезов аудандық әкімдігі ауқымды іс-шара ұйымдастырды. Шаһардағы жоғарғы оқу орындарында өткен мерекелік шараға 2 мыңнан астам жеткіншек қатысты. Олардың қатарында Отан алдында азаматтық борышын өтеп жүрген жауынгерлер мен Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттары да бар. Аудандық әкімдік мемлекеттік рәміздер күніне орай өткізілген спорттық жарыстардың жеңімпаздарын құттықтап, марапаттады. Айта кетейін, алдағы уақытта аудандық әкімдік мемлекеттік рәміздерге қатысты заңда көрсетілген талаптардың дұрыс орындалуын қатаң бақылауға алмақ.
«Биылғы жылда жаңа форматта қабылданған елтаңбамыз соны бүкіл мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар, ұжымдар өздерінің ғимаратында орнатуы тиіс. Сол талаптар бойынша көптеген кездесулер, түсініктеме жұмыстарын өткізген болатынбыз. 1-ші шілдеге дейін негізігі осы бүкіл ауданымыздың ұйымдары ауыстыратын болады»,- деді Әуезов ауданы әкімінің орынбасары, Еркебұлан ОРАЗАЛИН.
Ал Алмалы ауданының жастары қыраны қалықтай желбіреген көк туды қолдарына мақтанышпен алып жүрді. "Төрімізден елтаңбаны түсірмей, әнұранды асқақ айту - бұл бүгінгі жастар үшін биік мұрат"- деді шараны ұйымдастырушылар. Ұлттық Ұлан сарбаздары сап түзей отырып, патриоттық әндермен жұрттың еңсесін көтерді. Көңілдеріне қуаныш ұялатты. Азаттықты жас ұрпаққа аманат еткен қарияларда бүгінгі бейбіт өмірдің куәсі болып, жастарға егеменді елде өмір сүрудің бақыт екенін баяндап берді.
«Тәуелсіздігімізді алған күннен бастап біз өзіміздің мемлекеттік туымызды, елтаңба, әнұранымызды белгіледік. Сол мемлекеттік рәміздердің 25 жылдығына орай Алмалы ауданына, қала қонақтарына мерекелік шара ұйымдастырып жатырмыз. Жастардың барлығы қазақтың көк туын желбіретіп, ұстап келіп, мақтанышпен келіп осы концертімізді тамашалап отыр»,- деді Алмалы ауданы әкімінің орынбасары, Айнұр БЕКЖАНОВА.