Танымал ақынның құрметіне ескерткіш тақта ашылды

Танымал ақынның құрметіне ескерткіш тақта ашылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда белгілі ақын, журналист Бекен Әбдіразақовқа арналған ескерткіш тақта ашылды.

Б. Әбдіразақов – М. Лермонтов, К. Чуковскийдің өлеңдерін қазақша сөйлеткен тұлға. Ескерткіш тақта аудармашының өзі 25 жыл тұрған үйдің қабырғасына ілінді.

Бекен Әбдіразақов саналы ғұмырында отыз шақты жыр кітап жазған. Өзбек, қырғыз, түрікмен әдебиетінің шығармаларын тәржімалаған. «Лениншіл жас» газетінде, «Жұлдыз» журналында және «Жазушы» баспасында қызмет еткен.  

«Бүгін біздің көшеде мереке. Өйткені, Бекеннің 80 жылдығына орай, қалалық әкімшілік ескерткіш тақтаны орнатып жатыр. Біз үшін бұл үлкен қуаныш. Бекен журналистикамен қатар жыр жауһарларын бірге алып жүрді. Сондықтан, ол кісіні журналист ретінде де, ақын ретінде де тануға болады, әрине. Кейін 20 шақты кітап шығарды. Оның ішінде, Арысқа, туған жеріне арнаған өлеңдері де бар», – деді Бекен Әбдіразақовтың жары Қазына НҰРМАХАНОВА.

«Бекен Әбдіразақов ақынмен 5 жыл бірге оқыған едік. Бұрын Киров атындағы университет еді, қазір әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті болып өзгерді ғой. Бекеннің бізден бір ерекшелігі – ол өлең жазуға бейім журналист еді. Кейін біртіндеп шығармашылықтың сол саласына толық бет бұрды. Университетті бітіргеннен кейін газет-журналдарға шығып, тіптен өндіртіп жаза бастады», – деді филология ғылымдарының докторы, академик Өмірзақ АЙТБАЙҰЛЫ.


Новости партнеров