Менигококк инфекциясының салдары: студенттерге мешітке баруға тыйым салынды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Құлшылық үйі - қауіпті дерттің ошағы ма? Менингококк инфекциясының таралуын болдыртпау үшін, Алматыдағы кейбір оқу орындары қатаң шараларға барып жатқан сияқты. Мәселен, студенттерге мешіттегі жұма намаз бен тарауыққа баруға тыйым салып, жатахқаналарда хабарландыру іліпті.   Десе де, хабарландыруды нақты кім ілгені белгісіз. Жатақхана қызметкерлері түсіндіріп беруден бас тартты. Ал алматылықтардың кейбірі мұндай үндеуді құптаса, енді бірі "бәрі Алланың қолында"- дейді.

Осы орайда аурудың алдын-алу үшін жасалған бұл қадам туралы дін өкілдерінің пікірі қандай? Тыйым  - тиімді шешім бе? Осы сауалға жауап алу үшін біз Алматыдағы Қалқаман-2 мешітінің бас имамы Кенжеәлі Мырзабаевпен тілдесіп көрсек... Ассалаумағалейкүм! Аурудан қорқып Алла үйіне бармаған қаншалықты дұрыс? Толығырақ түсіндіріп берсеңіз.


-Мақтау бүкіл әлемнің раббысы, жаратушы иеміз біздерге рух, жан берген. Осындай нығметтерді берген. Алла тағалаға сансыз шүкірлік болсын.Ал, енді бұл шариғатта әрине мұсылманға, әсіресе балиғатқа жеткен балаларға ислам мешітке келуге тыйым салмайды. Бірақ жаңағы айтқандай сақтықта қорлық жоқ деген сияқты бетперде киіп, маскі киіп, сақтану. Мысалы, пайғамбарымыз өзі айтқан, қай жерден «оба» деген кесел, ауру шықса, ояқтан кетіп қалмаңдар деген. Ол деген, ары қарай таратпаңдар, басқаларды да ойлаңдар,. Өзің ауырып тұрып, оны басқаларға да жұқтырудан, соған жақындаудан өзіңді аулақ тұт. Абайла деп, дінімізде де сол, басқа адамдарға жанашырлықпен қарау керек деген нәрсе ғой. Сондықтан бізде, шариғатта ол адамдарды мешітке келмесін деп тыйым салмайды. Бірақ бұл сақтық мәселесімен, сақтық ойымен айтылған нәрсе. Қазір енді бізде тарауық намазы 30 күн оразада оқылады. Көптеген мешіттерде қатым жасалып жатады. Біздің қариларымыз келіп, мінберлерде тұрып 30 пара құранды түгелдей оқып шығады. Өйткені Рамазан айы бізге берген нығмет, сондықтан осы Рамазан айындағы дұға-тілектерімізід алла өзі қабыл етсін дейміз.

Жақсы. Осы жылы Қадір түні 11-ші маусымнан 12-не қараған түні иа? Енді, қалада мынандай жағдай болып жатқанда, мешітке бармай-ақ, үйде күтсе бола ма? Әлде жамағатпен бірге болу міндетті ме?

«Ислам ол адамның нәсілін ақ-қара деген сияқты. Оның ұлтына, жүзіне қарамайды. Ислам бұл барлығына тең. Жалпы мұсылман қауымына бірдей қарайды. Ал енді мына біздің алдымызда Қадір түні келе жатыр. Қадір түні бұл құран түскен түн. Құран келумен қадірлі. Алланың кітабы келген ай. Рамазан айы, оның ішінде қадір түні. Сондықтан бұл қадір түні ол жаңағы шектеу жоқ. Бірақ бізде шариғатта ол қадір түні барлық адамдар үйінде емес, мешітте отыру керек деген емес. Ондай шарт жоқ, қағида жоқ. Әр адам өзі біледі. Мешітке келем десе де,  бірақ өзінің отбасы шаңырағында да қадір түнін күтіп, таң атқанға дейін ұйықтамай, жаңағындай тәспі айтып, зікір айтып, алладан кешірім сұрап, рухани өмірде керек дұғаларды жасап, тілектерін айтып, мысалыға денсаулық тілеп, көршінің, туысқандардың амандығын тілеп, бірлік тілеп, пайдалы білім тілеп, бізідң отанымызға, жерімізге, болашағымызға деп жақсы тілектер айтып отыру, осы қадір түнінде құран оқу, алладан кешірім сұрау, бұл осы жақсы дұға тілектер айту ол өте жақсы, пайдалы іс болады»,-деді Алматы қаласы қалқаман-2 мешітінің бас имамы Кенжеәлі МЫРЗАБАЕВ.

Рақмет. Бізбен тікелей байланысқа шыққан қалқаман-2 мешітінің бас имамы Кенжеәлі Мырзабаев болатын.



Новости партнеров