Көлігіңіз бен пен пәтеріңді сатсаңыз, одан зейнетақы жарнасын төлеуге міндетті емессіз. Соңғы кезде ел арасында талқыға түскен мәселеге еліміздің Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері осылай жауап берді. Осы сұрақтарға тікелей жауапты шенеуніктер көпшілікті негізсіз, нақтыланбаған қауесетке сенбеуге де шақырды.
«Әлеуметтік желілерді қарасам, «көлік пен пәтер сатудан зейнетақы жарнасын ұстайды» деп жазып жатыр. Олай емес. Ондай табыстан зейнетақы жарналары ұсталмайды», – деді ҚР Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана ЖАҚЫПОВА.