Алматыда қарттар отандық фильмдерді тегін көріп қайтты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда қарттар отандық фильмдерді тегін көріп қайтты. «Алатау» дәстүрлі өнер театрында ұйымдастырылған қайырымдылық көрсетілімге ардагерлер үйіндегі қарттар мен қала аудандарындағы қария, зейнеткерлер шақырылған. Көрермендер еліміздің кинотуындыларымен қоса, шетелдік картиналарды тамашалады. Айта кетейік, «Алатау» дәстүрлі өнер театры мұндай қайырымдылық науқандарды мерекелік күндерден тыс уақыттарда да жиі өткізіп тұрады.  

«Жалпы, кино көрсетілімнің басты мақсаты - жастарды өскелең ұрпақты қайырымдылық жасауға шақыру. Мысалы, №3 әлеуметтік қызмет көрсету орталығында көптеген ардагерлер бар соғыс ардагерлері, зейнеткерлер бар. Сол кісілерге жастар жиірек барып тұрса тек қана қаржылай көмек емес, оларға рухани қолдау көрсетсе деген үндеу тастаймыз»,- деді «Алатау» дәстүрлі өнер театры кино бөлімінің жетекшісі, Рита ХАЛЕЛҚЫЗЫ.


Новости партнеров