|
19.06.2018 | 11:45
1686

Елімізде жаңа студенттік жатақханаларға 150 млрд теңге бөлінеді

Елімізде жаңа студенттік жатақханаларға 150 млрд теңге бөлінеді

Қазақстанда жаңадан салынатын студенттік жатақханаларға 150 миллиард теңге көлемінде қаржы бөлінеді. Бұл сома 7 жылда толықтай жұмсалып бітпек. Білім және ғылым министрлігі өкілдерінің айтуынша, нысандардың бой көтеруі оқу орындары белсенділігі мен несиелендіруге байланысты болады. Өйткені жергілікті әкімдіктер қазірден бастап салынатын жатақханалар орынды белгілеп қойған.

«Қазіргі уақытта аймақтарда жатақханаға мұқтаждық өте жоғары деңгейде. 23 мың орын Алматыға, 17 мың Астанаға, 11 мың Оңтүстік Қазақстан облысына керек. Бүгіннің өзінде жергілікті әкімдіктер оқу орнына жақын 134 жер учаскесін бөліп, сайлап қойған. Осы орайда министрлік жатақхана салу жүйесін қолға алды. Ол өте қарапайым әрі көпке түсінікті»,- деді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл АСЫЛОВА.

Естеріңізге салсақ, елімізде студенттік жатақханаларда 83 мың орын жетіспейді Бұл мәселені шешу Елбасының әлеуметтік бастамаларының бірінде қарастырылған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир