Алматыда «Ұлы дала - көшпенділер әлемі» халықаралық этнофестивалі өтеді

Алматыда «Ұлы дала - көшпенділер әлемі» халықаралық этнофестивалі өтеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Боралдай сақ қорғаны спортшылар мен этномузыканттардың алаңына айналмақ. Алматыда 23 және 24 маусымда «Ұлы дала - көшпенділер әлемі» халықаралық этнофестивалі өтеді. 17 гектар аймақты қамтитын шарада ұлттық ойындар да көрсетіледі. Садақшылар турнирі, палуандар өзара белдеседі. Ашық аспан астында қолөнершілер көрмесі, шеберлер шеберлік сабағын өткізеді. Сондай-ақ алыс жақын шетелден келген өнерпаздардың этникалық музыка концерті ұйымдастырылады.

«Фестивалдің негізгі мақсаты елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында біздің ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрімізді қайтадан жаңғырту. Ол жерде біздің спорттық түрлеріміз. Бәйге, аламан бәйге, яғни міндетті түрде автокөлік бірінші орынға одан барып тай жарыс болады. Көкпар, палуандар сайысы болады. Қырыққа жуық қазақ үйлер тігіледі деп жоспарлануда»,-деді Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасы басшысының орынбасары Данияр ӘЛИЕВ.


Новости партнеров