Қырғызстаннан арзан көлік әкеп берем деген алаяқ Алматыда қолға түсті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қырғызстаннан арзан көлік әкеп берем деген алаяқ Алматыда қолға түсті. Жұртты жаңа, әрі арзан машинамен жарылқайтындығына сендірген суайт 33 мың АҚШ долларын қолды қылған. Елдегі көлік құнының қымбаттығын сәтті пайдаланған "жомарт жан" кедендік құжаттарды да қиналмай қолдарыңа тигіземіз депті. Алайда, Ракшеев есімді азаматтың арам ойы енді өзіне опық жегізіп, темір тордан бірақ шықты.
Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-тармағы, яғни алаяқтықпен айыпталған жігіт осы уақытқа дейін 5 адамның қаржысын қалтасына басқан. Бірақ, полицейлер зардап шегушілердің саны әлі де өсуі мүмкін дейді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
07.10.2026 20:30
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
07.10.2026 18:29
Елордада бес көлікті жалын шарпыды
06.10.2026 10:00