Мұғалімдердің жалақысы 30 пайызға өсті

Мұғалімдердің жалақысы 30 пайызға өсті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елбасы биылғы жолдауда қаңтардан бастап мектеп мұғалімдерінің жалақысын 30 пайызға өсіруді тапсырды. Жаңа жалақының алғашқысын ұстаздар алып та үлгерді. Осы орайда Алматыдағы екі жүзден астам мектептегі  мұғалімдердің қаншасына айлық қосылды? Адами капиталды қалыптастыруда қалтқысыз еңбек етіп жатқан ұстаздардың мәртебесін арттыру мақсатында жасалған жұмыстарды жеткізу үшін Алматы қаласы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ләззат Жылқыбаева ханым тікелей эфирге қосылмақ. Ләззат Әуезханқызы қайырлы кеш!

-Алматылық ұстаздардың ішінде мұғалім немесе ұстаздардың қанша пайызы жаңартылған мазмұн бойынша курстан өтіп үлгерді?

-Бүгінгі таңда Алматы қаласында 202 жалпы білім беретін мектептер жұмыс істейді. 202 мектепте 15185 мұғалім білім беріп жатыр. 202 мектепте 200 мыңнан астам бала білім алады. Оқытудың жаңартылған мазмұнына сәйкес, 1,2,5,7-ші сынып оқушылары жаңа оқу бағдарламаларына көшкен болатын. Осы сыныптарда сабақ беретін 6632 мұғалім бүгінгі таңда Назарбаев зияткерлік мектебінің заманауи бағдарламалары бойынша курстан өтіп, қазіргі кезде  Жолдауға сәйкес 1 қаңтардан бастап жалақыларына үстемақы алып отыр.

-Бірақ жаңартылған мазмұн бойынша, яғни Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі заманауи оқу бағдарламаларынан өткендердің барлығы лауазымдық жалақы алмайды ғой? Тек сабақ беріп жатқандары ғана жоғары жалақы алатын бола ма?

-1,2,5,7 сыныптарға сабақ беретін барлық мұғалімдердің жалақыларына міндетті түрде 30 пайыздық жалақы қосылды. Еңбек өтілімсіз жұмысқа кіргендер шамамен 15 000 теңгеден басталады, санаты жоғары, еңбек өтелі жоғары оқытушыларда 27 мың теңгеге дейін барады. Бір айлық лауазымдық жалақыға осындай үстемақы қосылады.

-Қазір қаладағы барлық мектеп бес күндік оқуға көшті ме?

-202 мектептің 87-і жаңа типтегі мектептер. Гимназиялар, лицейлер. Ол жақта оқу жүктемесі жалпы білім беретін мектептерге қарағанда көбірек. Сондықтан бұл мектептерді толыққанды 5 күндік жүйеге көшіру күрделі болғандықтан, 1-4 сынып аралығын, яғни бастауыштарды ғана 5 күндікке көшірдік. 5-11 сыныпқа дейін толығымен 6 күн білім алады. Ал қалған 115 жалпы білім беретін мектепте оқу жүктемесіне қарап отырып, балаларға ауыртпалық көп түсіп кетпесін деп, сол жағын қарастырдық. 1-7 сыныпқа дейін мектеп оқушілары толығымен 5 күндік оқу жүйесіне көшті. Ал қалған 8-11 сынып 6 күндік оқу жүктемесінде.

Новости партнеров