Кірістер комитетінің мамандары кәсіпкерлерге жаңа Салық және кеден кодексін түсіндірді

Кірістер комитетінің мамандары кәсіпкерлерге жаңа Салық және кеден кодексін түсіндірді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанадан арнайы Алматыға ат басын бұрған Кірістер комитетінің мамандары кәсіпкерлерге жаңа салық және кеден кодексін түсіндірді. Айтуларынша, биылдан бастап күшіне енген маңызды құжат әсіресе салық төлеушілерге басымдық береді. Сондай-ақ Қазақстанда бірінші рет енгізіліп отырған электронды декларация уақыт пен қаржыны үнемдейді, дейді мемлекеттік орган мамандары. Бүгінгі таңда кеденде транзит бағытында 110 мыңнан астам электронды декларация рәсімделген. Ол «Астана - 1» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асады. Айта кетейік, бұрын қағаз декларацияны рәсімдеуге 45 минутқа дейін кетсе, қазір бұл уақыт екі есеге дейін қысқарыпты. Бастысы құжатты қабылдау кезінде адами фактордың қатысы жоқ.

«Қабылдайтын адам жоқ. Мұны қабылдайтын тек ақпарат жүйесі. Ақпарат жүйесі өзі шешім қабылдайды. Жасыл колидормен рұқсат беруге. Жаңа салық кодексі клиентке бағытталған деп айта аламыз. Өйткені, бұрын салық кодексі енді салық жүйесінің жұмыскерлері қолданатын құралы деген болатынбыз. Қазір бұл салық кодексі салық төлеушілерге көптеген жеңілдіктер әкеліп отыр», - деді  ҚР ҚМ мемлекеттік кіріс комитетінің басқарма басшысы Жамбыл СҰРАҒАНОВ.


Новости партнеров