Мұхтар Әбілязов пен сыбайластарына қатысты іс сотқа жіберілді

Мұхтар Әбілязов пен сыбайластарына қатысты іс сотқа жіберілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мұхтар Әбілязов пен сыбайластары Жарымбетовке, Садықовқа және  Мәмешке қатысты іс сотқа жіберілді. Қылмыстық процестің барлық қатысушысына 3 наурыз күні айыптау актісі бекітілген болатын. Оның ішінде Әбілязовтің қорғаушысы да бар. Естеріңізге салсақ, 2017 жылдың 2 ақпанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюроның тергеу барысында Әбілязов пен сыбайластарының тағы да заңсыз әрекеттері бар дәлелдер табылды. Яғни, банктен қаржы жымқырудың жаңа нұсқалары белгілі болған. Жауап алу процесіне келмеген олигархтың бұл әрекетін енді сот қарайтын болады.

«2017 жылдың 3 наурызында Алматы қаласы прокуратурасы БТА банкінің бұрынғы топ-менеджері М.Әбілязовке қатысты жүргізген қылмыстық іс бойынша айыптау актісі бекітілді. М.Әбілязовтің өзі Қазақстан Республикасынан тыс жырде және шақыртудан жалтарған, осыған байланысты прокуратура хабарламаны қылмыстық істің сотқа жолданғанын жариялайды» - делінген. 

Новости партнеров