Мұнай ұрлығымен айналысқан қылмыстық топты құрықтаған атқамінерлер жақ ашпауда

Мұнай ұрлығымен айналысқан қылмыстық топты құрықтаған атқамінерлер жақ ашпауда
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мұнай ұрлығымен айналысқан қылмыстық топты құрықтаған атқамінерлер әзірге жақ ашпауда. Ақтөбе жұртын дүрліктірген оқиға қазір зерттелу үстінде. Қара алтын ұрлаумен айналысқандарды қолға түсіруге ұлттық қауіпсіздік комитеті мен жемқорлыққа қарсы күрес бюросының өкілдері тартылған. Мұнайды саудалап, қалтасын қампайтқысы келгендердің радикалды салафизм бағытын ұстайтындықтары ғана анық ақпар.


«Тергеу енді басталып жатыр. Сіздер білесіздер заңның негізі болмаса және себеп болмаса онда мұндай үлкен іс-әрекет қолданбайтын еді. Екінші жағынан, істеліп жатқан шаралардың барлығы халқымыздың мүддесі үшін істеліп жатыр»,- деді ¤ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы, Қайрат ҚОЖАМЖАРОВ.

 

Қылмыстық топты Алматыда отырып-ақ басқарған  Еркін Ізбасаров қазір Ақтөбеде. Оған қатысты  тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Беттестіру хаттамалары толтырылуда.  50 жасында ұры-қарылардың серкесі атанған бұл азамат мұнай ұрлығын бақылап, қара алтынды қайда өткізіп, қайда жіберуді бұйырып отырған. Ол бірнеше күн бұрын оңтүстік астанада оққағары мен көлік жүргізушісімен көше бойында көлігімен кетіп бара жатқан сәтінде ұсталған еді. Әзірге қылмыстық топтың құрамында қанша адамның болғанын және қаншасының ұсталғанын құзырлылар анықтауда. 

      

Новости партнеров