Мұратхан Тоқмәди өз кінәсін мойындауға дайын

12.09.2017 в 22:50

Мұратхан Тоқмәди өз кінәсін мойындауға дайын. Шыны зауытының қамаудағы басшысы айыптаушы тараппен бір мәмілеге келмек. Қазір күдіктінің өтінішін  прокурорлар қарастырып жатыр. Тоқмәдидің өзі қорғаушыларынан қағылған. Әуелде, оның мүддесін қос бірдей адвокат Жохар Өтебеков пен Әлімжан Оралбай қорғауы тиіс еді. Алайда, оларды бұл істен аластатыпты. Себеп - заңгерлер күдіктіге қатысты мәліметтерді жарияламауға келіспеген. Кейін, Тоқмәдидің ісі басқа қорғаушыға берілген екен. Алайда, күдікті әлгі заңгердің қызметінен бас тартты. Сондықтан қазір күдіктіге жаңа қорғаушы іздестіріліп жатыр. Ал, Жохар Өтебеков аты-шулы істен аластатқандармен соттаспақ.                

¤«Олар күдіктіге қатысты мәліметтерді ешбір жерде жариялауым керек деген талап қойды. Мен келіскен жоқпын. Өйткені, бұл іс – құпия түрде өтіп жатқан жоқ. Барлығы ашық болғаны дұрыс. Алдымен, Бас прокуратураға шағымданамын. Олар мені қолдамаса, сотқа жүгінуіме тура келеді. Егер сот менің өтінішімді қабылдамаса, онда Біріккен ұлттыр ұйымының адам құқықытарын қорғау комитетіне дейін барам», - деді заңгер Жохар ӨТЕБЕКОВ. 

Еске салайық, Мұратхан Тоқмәди биыл маусым айында қамауға алынған еді. Шыны зауытының директорын арнайы жасақ тұтқындаған. Күдіктіге кәсіпкерлерді бопсалады және үйінде суық қару сақтады деген айыптар тағылған.