|
30.01.2018 | 17:56
2784

Сулейман Демирель атындағы университет SPT олимпиадасын ұйымдастырмақ

Сулейман Демирель атындағы университет SPT  олимпиадасын ұйымдастырмақ

Болашақ мамандығыңды сеніммен таңда! Елбасы жолдауындағы міндеттерді орындау мақсатында Сулейман Демирель атындағы университет SPT (СПТ) олимпиадасын ұйымдастырмақ. Бұл білім бәйгесінің жеңімпаздарына университеттің 4 жылдық оқу гранты беріледі. 4 жыл қатарынан өткелі отырған бұл ішкі олимпиадада үміткерлер 6 кластер бойынша тест тапсырады.

«Егер талапкер басында дұрыс мамандық таңдаса, ішкі потенциалына сай келетін болса, сол кезде ол өзіңді профессионалдық жағынан, карьералық жағынан жақсы көрсете алады. Осы жылы да 19 аймақта, екі үлкен қалада осындай шараны өткізейін деп жатырмыз»,-деді Сулейман Демирель атындағы университеттің ректоры, Қанат ҚОЖАХМЕТ.

Болашақ мамандығын таңдауға олимпиаданың тигізер пайдасы мол дейді жауаптылар. Егер 2015-ші жылы оған 1 мыңға жуық талапкер қатысса, 2016-шы жылы 4 мың, былтыр 7 мың түлек қатысуға ниет білдіріпті. Ал, биыл 10 мыңға жуық өтініш түседі деп жоспарлануда. Бағын сынаймын деген оқушылар оқу орнының ресми сайтында тіркелуі тиіс. Тіркеу уақыты ақпан айының соңына дейін жалғасады. Шара 4 наурызға жоспарланған. 


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир