|
27.10.2016 | 14:49
3232

М.Әуезов театрына 90 жыл болды

М.Әуезов театрына 90 жыл болды

Әкем театр - 90 жаста. Қала басшысы Бауыржан Байбек театр ұжымын мерейтойымен құттықтап,су жаңа микроавтобустың кілтін табыстады. Алматы әкімі Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрдың - ел руханиятына сіңіріп жатқан үлесі орасан екенін айтты. 90 жылда қара шаңырақта түрлі қойылымдар қойылып, елге танымал сахна саңлақтары осы ордадан түлеп ұшқан. Әуезов театрының тарихы мен мәдени мұрасы Алматының ғана емес, бүкіл Қазақстанның өнер шежіресіне айналған. 


"М.Әуезов атындағы драма театрын шын жүрекпен 90 жылдық мерейтойымен құттықтаймын. Тетардың өмірбаяны сонау 1925 жылы Қызылорда қаласынан басталады. Өнердің биік шыңының үлгісі болған театрымыз еліміздің мәдениетіндегі беталыстарға бастама болып келеді. Осы киелі сахнада Шекспирдің, Островскийдің, Гогольдің, Горькийдің және көптеген атақты классиктердің шығармалары қойылады. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, Мұхтар Әуезовтың есімін арқалап отырған театр қазақ халқының рухын дамытуда, алатын орны ерекше және өз тарихында бай кезеңдерді қамтылған, ол әрине өте жоғары баға болып табылады",- деді Алматы қаласының әкімі, Бауыржан БАЙБЕК. 

Салтанатты шара «Сыған серенадасы» мюзиклін тамашалаумен жалғасты. Үлкен сахнада майталман әртістер Шәмші Қалдаяқовтың өмірбаянын сомдады. Қойылымда ән падишасының сыған қызына деген ынтызарлығы көрсетіледі. Актерлардің шебер ойыны көрермендерді махаббат, бәсекелестік, қайғы мен қуаныш сынды сыршыл сезімдерге шомдырды. 

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир