Қазақстанның іскерлер нарығында мамандар жетіспейді

Қазақстанның іскерлер нарығында мамандар жетіспейді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанның іскерлер нарығында мамандар жетіспейді. Сондықтан кәсіпкерлер қызметкерлерді экономикалық форумдардан іздеп жүр. 700-ден астам адамның басын қосқан жиынға кәсіпте біршама жетістікке жеткендер мен бизнесті енді бастағандар жиналды. Кездесу еркін форматта өтті. 10 шақты спикер форум қатысушыларына лекция оқыды. Жиналыстың басты тақырыбы бұл инновация және бизнесті дамыту. Одан бөлек, Қазақстандық кәсіпкерлер алдындағы кедергілер, шағын және орта бизнестің даму тенденциялары мен елімізге шетелден инвестиция тарту мәселесі талқыланады. Форум әрбір азаматқа еліміздегі белді кәсіпкерлерден ақыл-кеңес алуына мүмкіндік береді. Миллионерлер көпшілікке бизнес жолында кездескен қиындықтар мен жеткен жетістіктерінің сырымен бөлісті. Белгілі шетелдік кәсіпкерлер Қазақстандықтарға айти-бизнеспен айналысуға кеңес береді. Айтуларынша, елімізде дәл осы сала кенжелеп келеді әлі.

«Бизнеске ынтасы болса соны жалғастырып өзінің фирмасын ашып, бизнес ашып қорықпау. Ең негізгісі, бұл-мотивация. Екінші жақтан бұл көптеген ірі бизнестардың өкілдері осы жерге бизнес форумға келіп жатыр. Қандай болмасын бизнеспен айналыса беруге болады. Одан қорықпау керек. Ең негізгісі біздің форумдағы идеясы бұл адамдарды жан тәнін қозғап, оларды өз-өзіне сенімділігін арттыру», - деді кәсіпкер Қайрат ҚҰДАЙБЕРГЕН.




Новости партнеров