Алматыдағы жоғарғы оқу орындары қоршауларын бұзуда

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы жоғарғы оқу орындары қоршауларын бұзуда. Олар осы арқылы білім ордасы маңын жасыл желекке орамақ. Сөйтіп, келушілер көгалда емін-еркін тыныстап, оқуларын алаңсыз жалғастыра береді. Оның үстіне, қала көркіне ажар қосады. «Қоршаусыз қала» бағдарламасын жүзеге асырып жатқан университеттер қатарында өнер академиясы мен халықаралық қатынастар ордасы бар.  

«Бұл өте жақсы бастама. Тұрғындар үшін өте қолайлы. Алматы қашан да жасыл әрі көрікті саналған. Ал, қоршаулардан арылған соң, оның ажары тіпті айшықтала түседі», - деді  Т. Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы баспасөз орталығының жетекшісі Гүлнәр МАХМЕТОВА.

«Қаланы кеңейтіп ұстау үшін, қаланы тарытпау үшін қоршаулардың алынып тасталуын біздің ЖОО қолдайды. Ол адамдардың емін-еркін тыныстауына жақсы мүмкіндік», - деді Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің проректоры Өмірзақ НҰРҒАБЫЛОВ.



Новости партнеров