Алатау ауданында 10 шақырымға жуық тас жол төселеді

Алатау ауданында 10 шақырымға жуық тас жол төселеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алатау ауданында жыл аяғына дейін 10 шақырымға жуық тас жол төселеді. 7 шақырымнан аса жаңа арықтар салынбақ. Бүгінде ауданның инфрақұрылымы жыл санап жақсарып келеді.  Ескі жолдар жөндеуден өтіп, арық жүйесі ретке келтірілуде. Осы уақытқа дейін 71 шақырым тас жол төселіпті.   

<iframe width="560" height="315" src="https://www.youtube.com/embed/CdGDHb238yQ" frameborder="0" allowfullscreen></iframe>
Алматының Алатау ауданы құрылған 8 жылда 278 миллиард теңге игерілген. Осы қаражатқа халықтың әлеуетін арттыру мақсатында көптеген жұмыстар атқарылып, әлеуметтік маңызды ғимараттар бой көтерді. Жалпы,  159 шақырым электр желісі, 199 шақырым магистральді газ құбыры, 34 шақырым ауыз су және кәріз жүйесі жүргізілген. Сондай-ақ, 71 шақырым тас жол төселіпті. Бұл жұмыстар әлі де жалғасуда.

"Жалпы, біздің ауданда 23 ықшам аудан бар. Ең көп жекеменшік үйлер біздің ауданда орналасқан. 35 мың үй бар. Содан кейін легализациямен тағы да қосылып жатыр. Осы жерлерде проблемалар бар. Техникалар кіре алмайды. Кезінде заңсыз салынған үйлер көп. Көше тар. Соған байланысты көшелерде асфальт жоқ, арық жоқ, жаяу жүргінші жолы жоқ. Осыларды да шетінен жоспарлы түрде бағдарламамен жасап жатырмыз",- деді Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі, Бағдат МӘНІЗОРОВ.  


Биыл 2 шақырымға жуық арық жүйесі ағымдағы жөндеуден өтуде. Оған қала қазынасынан 29 миллион теңге бөлінген. Сонымен қатар, ықшам аудандар мен су басқан аумақтарға арық жүйесін өткізу жұмыстары да жүргізіліп жатыр, яғни аудан бойынша 7 шақырымға шамалас арық салынады. Ықшам аудандарды тас жолмен қамтамасыз ету де дұрыс жолға қойылған. Жыл аяғына дейін жоспарланған жұмыстар мерзімінен бұрын аяқталса, 9 шақырым аса аумақ жаңа асфальтпен қамтылады.

"Жылда өздеріңіз білесіздер, көктем және күз мезгілінде болған жауын-шашын салдарынан біздегі Алатау ауданының барлық жерлерін емес, бірақ белгіленген бір жерлер бар. Сайлы жерлер, арық жүйесі жоқ жерлер. Ең қауіпті деген учаскілерді аламыз. Қазыр сол бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр",- деді Алматы қаласы Алатау ауданы көріктендіру бөлімінің басшысы, Ерғали МАХАМБЕТОВ.

 
Жаңа аудандағы мектептерде оқушылар саны да артуда. 2008 жылы 18 мың оқушы болса, қазіргі саны 35 мыңнан асты. Осыған орай, жаңа мектеп салынып, ескілеріне қосымша құрылыс жұмыстары жүрді. Ауданда мемлекеттік жекеменшік серіктестік аясында 22 балабақша ашылды. Қазір жалпы саны 55 мектепке дейінгі білім беру мекемесі жұмыс істейді. Айта кетейік, «Сіз аулаңыздың жағдайына көңіліңіз тола ма» деген әлеуметтік сауалнамаға аудан халқының 41 пайызы жағымды жауап берген. Бұл қала бойынша жоғарғы көрсеткіш.

Алатау ауданындағы 14 ықшам ауданның бас жоспары бекітілген. Дархан, Қарасу, Өжет және Ұлжан ықшам аудандарына ауыз су және кәріз құбыры төселеді. Бүгінге дейін ауданда 200 шықырымға жуық газ құбыры тартылған.

Азамат Әуезхан, Влад Шишко, "Алматы" телеарнасы


 


Новости партнеров