Шымбұлақта қолдан қар көшкіні жасалды

21.03.2018 в 02:31

Алматыда қар көшкіні жүрді. Құтқарушылар мен селден қорғау мамандары Шымбұлақ шатқалынын аралап, қалың жауған ақ ұлпаны жарылғыш заттың көмегімен арылтты. Қолдан жасалған көшкін кезінде 3 мың текше метр қар түсірілді. Мамандар бұл сақтық үшін жасалған шара, дейді. Әзірге Алматыда қауіп төндірген аумақтар жоқ. Бірақ құтқарушылар шатқалдарды тәулік бойы күзетіп, кезекшілік орнатқан екен.