Шымкент автокөліктеріне «17» нөмірі беріледі

Шымкент автокөліктеріне «17» нөмірі беріледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкент қаласының автокөліктеріне «17» мемлекеттік нөмірі беріліп, жүргізуші куәліктеріне «Y» литері басылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


«Бүгін ішкі істер министрінің бұйрығы ресми жарияланды. Оған сәйкес, ведомствоның кейбір нормативтік-құқықтық актілеріне өзгерістер енгізіледі. Атап айтқанда, Шымкент қаласы өңірін белгілеу үшін «17» саны қолданылады. Шымкенттен берілетін жүргізуші куәліктеріне «Ү» литері басылады. Түркістан облысы «13» мемлекеттік нөмірінде және «Х» литерінде қала бермек», – деп мәлімдеді баспасөз қызметі. Комитет өкілдерінің айтуынша, аталған бұйрық бүгін ғана ресми түрде жарияланды. Ресми жарияланғаннан кейін 10 күннен соң, яғни 24 шілдеде күшіне енеді.

«Сол күннен бастап Шымкентте тіркелген көлік құралдарына жаңа мемлекеттік нөмір белгілері беріле бастайды», – дейді комитет өкілдері.

Еске сала кетсек, 2018 жылғы 19 маусымда Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шымкентке «республикалық маңызы бар қала» мәртебесін берген болатын.  


Новости партнеров