|
13.07.2018 | 13:36
1834

Шымкенттегі екі ауданға әкімдер тағайындалды

Шымкенттегі екі ауданға әкімдер тағайындалды

Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс 34-ші сессиясында депутаттар әл-Фараби және Қаратау ауданы әкімдерінің кандидатурасына бірауыздан дауыс берді, деп хабарлайды otyrar.kz.

Қаратау ауданына Исамидин Қантөреев тағайындалды. Бұған дейін аталмыш аудан әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Жоғары білімді. Экономист және заңгер мамандығы бойынша білім алған. Қызмет баспалдағын «Өндірістік пайдалану кәсіпорындары» компаниясында экономист болып бастаған. Одан кейін Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінде, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша ақпараттық талдау және бақылау департаментінде сарапшы, осы агенттіктің өңірік басқармасында сарапшы қызметттерін атқарған. Қаратау ауданының тыныс тіршілігіне қанық су жаңа әкім алдағы уақытта қызметін абыроймен атқарады деген сенім бар.


Ал Шымқаладағы ең ірі аудандардың бірі – әл-Фараби ауданын енді Ғабит Мәуленқұлов басқармақ. Мұның алдында Қаратау ауданының тізгінін ұстаған Ғабит Патшаханұлының мол тәжірибесі бар. Осыған дейін де қала әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Мамандығы бойынша заңгер су жаңа әкім бұған дейін биліктің талай трамплинінен жүріп өткен. Атыраудағы дағы Каспий экологиялық прокуратурасында қызмет жолын бастаған. Осы саладағы қызмет баспалдағымен өрлей отырып ҚР Жоғарғы сотында істеген тәжірибелі маман. Қала әкімі екі ауданның әкімдеріне қызметте сәттілік тіледі.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир