Адам ұрлаған бандылар ұсталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Адам ұрлаған бандылар ұсталды. Көліктің жүк салғышына адамды екі бүктеп салып, ұрлап бара жатқан қаскөйлер Алматы-Бішкек тасжолының 29-шақырымында қолға түсті. Жол сақшылары Маңғыстау облысына тиесілі Lada көлігін тоқтатып, құжат тексергенде жүргізушінің күйгелектеп отырғанын байқаған. Әрі адамның айғайлап, араша сұраған даусы естілген. Тексеру барысында, жүксалғышта  қол-аяғы пластикалық қамытқа байланған ер адам жатқан. Ал арам ойларын іске асырмақ болған үш жігіттің барлығы қамауға алынды.  

Белгілі болғандай ұрланған адам «Nexia» көлігіне жанармай құйып жатқанда тұтқындалған. Дөрекілер оны салонға итеріп кіргізіп, тау жаққа алып кеткен. Сол жақта кезінде бірге жұмыс жасаған таныстарын соққының астына алып, кейін  Шымкентке алып кетпекші болыпты. Адам ұрлығы бойынша үстерінен қылмыстық іс қозғалған жігіттер Қарасай аудандық Ішкі істер басқармасының тергеу изоляторына қамалған.  


Новости партнеров