|
08.06.2017 | 10:28
1390

Мәскеуде өткен VІІІ дүниежүзілік байқауда отандастарымыз жоғары нәтиже көрсетті

Мәскеуде өткен VІІІ дүниежүзілік байқауда отандастарымыз жоғары нәтиже көрсетті

Мәскеуде өткен сегізінші дүниежүзілік байқауда отандастарымыз жоғары нәтиже көрсетті. Жыл сайын өткізілетін спорт сайысына онкологиялық ауруды жеңген балалар бақтарын сынайды. Биылғы спорттық додаға Алматы және Алматы облысынан 23 жеткіншек қатысқан. Сайыскерлер саны былтырғы жылмен салыстырғанда едәуір өскен. Көптен оза шапқандар саны осы жылы рекордтық көрсеткішке жетіпті. Осы жылы байқауға 14 елден 500-ден аса бала қатысқан. Оның ішінде Армения, Үндістан, Түркия және Германия және өзге де мемлекеттердің өрендері бар.

«Биыл жарысқа алғаш рет көп баланы қатыстырдық. Осыған дейін 12 бала қатысқан болса, бұл жолы 23 баланы апардық. Осы жылы рекордтық көрсеткіш көрсетіп, 20 медальді еншіледік.  Оның ішінде 9 алтын, 4 күміс, 7 қола медальға ие болдық. Олар сайыста бала болсада ересек адамдардай өте жақсы өнер көрсетті», - деді балаларға көмек көрсету орталығының директоры Ирина ФЕДОРЕНКО.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир