|
26.07.2018 | 11:12
2361

Қазақстандықтардың 820 млрд теңге қаржысы өзге елдер банктеріне салынған

Қазақстандықтардың 820 млрд теңге қаржысы өзге елдер банктеріне салынған

Қазақстандықтар қаржыларын қай елдерде сақтайды? Мемлекеттік кірістер комитетінің соңғы санағына сүйенсек, отандастарымыз 820 миллиард теңгені құрайтын қаржыны 100-ден аса елдің қаржылық ұйымдарына салған.

Шетелдік активтерге қатысты ақпаратты мамандар заңнамадағы 240-шы декларация көмегімен анықтаған. Декларация ережесі бойынша, қазақстандықтар шетелде тапқан табыстары мен активтерін көрсетуге міндетті.

«Мәселен, өткен жылы аталған декларацияны 68 мыңнан астам адам толтырды. Олардың ішінде 27 мың адам ақша рәсімдеді. Жалпы сомасы 820 миллиард теңгеден асты. Бұл ақша 108 елдің банктерінде жатыр. Негізгі мемлекеттер ол - Сингапур, Швейцария, Ливан, Оңтүстік Корея, Ресей және тағы басқалар», – деді ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің салық салу әдістемесі бойынша департамент директоры Қайрат ЖОЛМҰXАМБЕТОВ.

Маман шетелдегі ақшадан бөлек жылжымайтын мүлікке қатысты мәліметті жариялады. Қазақстандықтар 69 мемлекетте 12 мың жылжымайтын мүлік рәсімдеген. Басым бөлігі Ресей, Болгария, Түркия, Испания, Ұлыбритания, АҚШ, Франция және басқа да елдердің аумағында орналасқан.  

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир