Алматыда «Алматыбасжоспар» ғылыми- зерттеу институты құрылды

Алматыда «Алматыбасжоспар» ғылыми- зерттеу институты құрылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының бекітілген бас жоспарын егжей-тегжейлі қарайтын арнайы жаңа ұйым құрылды. «Алматыбасжоспар» ғылыми-зерттеу институты қала маңындағы аймақтарды дамыту, жалпыға ортақ құрылыс ережелерін жүзеге асыру шараларымен айналысады. Атап өтерлігі, мұндай институт алып шаһарда осыдан бірнеше жыл бұрын жұмыс істеген. Кейіннен қызметін тоқтатыпты. Оны қайта құру қажеттігін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыға іс-сапармен келгенде айтқан. Қайта жанданған ұйымның міндеті қандай? Қаланы қандай өзгерістер күтпек? Осы сұрақтарға жауап алу үшін студияға «Алматыбасжоспар» ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары Жанат Айтілеу мырзаны шақырып отырмыз. Білікті маман бізге жаңадан құрылған ұйым туралы кеңінен мағлұмат бермек.

- Жанат Әбдіхалықұлы, жұмысын тоқтатқан институтты қайта құруға қандай қажеттілік болды? Бұрынғы ұйымнан несімен ерекшеленбек?

-Қаланың бас жоспарын жасау мекемесі Кеңес дәуірінен бастап құрылған болатын. Біз егемендік алған жылдары бірнеше жыл жұмыс істеп, жабылған болатын. Алматы қаласы – үлкен қала. Бас жоспарын жобалау – күрделі жұмыс.Сондықтан бірізділік, сабақтастық болу үшін бір жобалау мекемесін дайындау керек болды. Сол үшін мемлекет басшысының тапсырмасымен бұрын жабылған мекеме қайта жанданып, қайта ашылып жатыр.  

-Қаланың келбетін өзгерту тұрғысында қандай жұмыс жасалады? Өзгерісті қай жерден бастауды жоспарлап отырсыздар?

-Қалаланың бас жоспарын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бас жоспар мемлекет тарапынан бекітілуі керек. Сол турасында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Әрине, қала кейінгі жылдары 2 есе үлкейді. Аумағы 70 мың гектардай болды. Соған байланыста қалада үлкен  жұмыстар жүргізіледі. Қалаға жаңадан қосылған 25 мыңдай гектар жер бар. Сол аумақтардың дамуын, қаланың деңгейіне дейін көтеру керек. Сол жөнінде қалалық әкімдік үлкен жұмыстар жүргізіп жатыр. Алматы қаласының орталығында да атқарылуы керек жұмыстар бар. Ескі құрылыстар бар. Оларды сүріп, жаңадан ғимараттар салу керек. Орталық аумақтардағы ескі ғимарттардың орнына қайта жаңғыртылулар жүргізіледі. Бұл жұмыстар бас жоспарда ескерілетін болады.


Новости партнеров