«Байланыс және ақпарат» күніне орай Алматы телеарнасы Ақордада марапатталды

«Байланыс және ақпарат» күніне орай Алматы телеарнасы Ақордада марапатталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы телеарнасы Ақордада марапатталды. «Байланыс және ақпарат» қызметкерлері күніне орай Президент тағайындаған грант пен сыйақыны Мемлекеттік хатшы тапсырды. "Отандық телевизияның дамуына" елеулі үлес қосқан арналардың ішінде біздің телеарнада бар. Бұл, алтын арқалап, жантақ жеген ұжымның еңбегі.

Қаламды қару еткен "төртінші билік" иелерінің кәсіби мерекесіне орай бүгін Ақорда да, ерекше жиын өтті. Еліміздің мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен арна басшыларының басын қосып, сонау 1997 жылдан бері дәстүрлі түрде жалғасып келе жатқан Елбасы тағайындаған арнайы сыйлықтар мен гранттарды табыс етті. Мемлекеттік хатшы марапаттамас бұрын журналистердің қоғамдағы рөліне тоқталды.

«Жаһандану, ақпараттық теxнологиялар мен цифрландыру дәуірінде медиа саласының бәсекеге қабілетті болуы аса маңызды. Осыған орай, xалық пен билік арасындағы алтын көпірге айналған отандық бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы рөлі жылдан жылға артып келеді. Биылғы байқауда да баспасөз өкілдерінің мемлекеттік бағдарламалар мен реформаларды, оның ішінде Президенттің бес әлеуметтік бастамасы мен руxани жаңғыру үдерісін жариялап көрсетуге сіңірген еңбегі ерекше»,-деді ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара ӘБДІҚАЛЫҚОВА.

Елбасы тапсырмасымен жарияланған арнайы сыйлыққа бұл жолы «Алматы» телеарнасы да ие болды. Күн-түн демей демылссыз атқарған ұжымның еңбегі ақталды. Оқ бойы озық шыққандардың қатарынан көрініп, Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен «Отандық телевизияның дамуына» қосқан үлесі үшін алғысқа бөленді.

«Алматы» арнасы қол жеткізген жетістіктерге өзге әріптестер де ортақтасып, жылы лебіздерін білдірді. Әрі, «Алматы» арнасы ұжымы ұсынып отырған сапалы контент, өткір де салмақты материалдар, өзекті тақырыптардың ұдайы қозғалуы жеңіске итермеледі», –дейді «Алматы» телеарнасының бас директоры Әлібек ӘЛДЕНЕЙ.

«Биылғы сыйақы қорының жалпы сомасы 14 млн теңгедан астам соманы құрады. Президент сыйлығының иегерлері 4 млн 215 000 теңгеден алса, әрбір грант үшін 3 000 000 теңгеден берілді»,- «Астана» телеарнасының бас директоры Ләззат ТАНЫСБАЙ.

Назым Мәлікқызы, "Алматы" телеарнасы.


Новости партнеров