«Алғабас» ықшамауданындағы іргетасы сыр берген үйдің сапасы тексерілді

«Алғабас» ықшамауданындағы іргетасы сыр берген үйдің сапасы тексерілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Алғабас ықшамауданындағы іргетасы сыр берген үйдің сапасы тексерілді. Оны жүргізген Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты №156 үйдің көлденеңінен 12 сантиметрге, тігінен 21 сантиметрге қисайғанын айтты. Мердігер компания өкілдерінің сөзінше, бұл нормаға сәйкес, қауіптенуге негіз жоқ деген шешім айтыпты. Қазір көпқабатты үйдің тағаны қайтадан нығайтылып жатыр. Бұл жұмыс келесі айдың ортасында аяқталады. Мамандардың сөзінше, үйдің қабырғасының еңкеюіне жауын-шашынды күн райы себеп екендігін айтты. Топырақты жауын шайып кетіп жатыр дейді.

«Қазіргі таңда Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының қорытындысы шықты. Құжатта үйді қалай нығайту керектігі және қисайғанын түзету әдістері жазылған. Қазіргі таңда оны бекіту бойынша екінші кезеңі жүргізілуде. Кейінгі кезеңде тақтаның негізі бұрғытолтырмалы қада әдісімен бекітіледі», - деді «Астана-құрылыс» ҰҚК» АҚ бөлім басшысы Валерий ГАДЕЦКИЙ.

Өткен аптада ықшам ауданның тұрғындары біздің арнаға хабарласып, көпқабатты үй 40 сантиметрге қисайғанын айтып еді. Олар төтеншеліктерден қауіпті үйден көшіруді талап еткен болатын. Мердігер компания өкілдері тұрғындардың дүрлігуіне негіз жоқ деп баспананың тұруға жарайтынын мәлімдеді.


Новости партнеров