|
03.07.2018 | 10:47
3149

Балаға шабуыл жасаған күдікті: куәгерлер баланың жағдайы туралы айтты

Балаға шабуыл жасаған күдікті: куәгерлер баланың жағдайы туралы айтты

Шымкентте баланы зорлауы мүмкін деген күдікпен ер азамат қолға түсті. Оқиға көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісінде орналасқан бейнекамераға түсіп қалған. Жеткіншектің жан дауысын естіген ауданның тұрғыны дереу көмекке келгенін бетін көрсетпей, тілшілерге тәптіштеп түсіндіріп берді. Ал ашынған ата-ана құқық қорғау органдарының жайбасарлығына тіптен ызаланды.

«Баланың жан дауысы шықты. Баланы өлтіріп жатқандай сияқты. Есікті қатты қолыммен ұра бастадым. Бала жылап, денесі қан. Басымнан ұрды дейді»,-көршісі.

«Учасковый келді. Камерада бәрі тұр ғой десек, сіздер айта бересіздер. Ол камераға бізге доступ бермейді. Алматыдан келеді. Оған 1-2 ай өтеді деді ол»,-деді анасы.

Аталған жәйт бойынша еңбекші ауданындық полиция бөлімінде қылмыстық іс тіркелді. Қазір күдікті қамауға алынған. Ал бала ата-анасының қасында. Оның жәбір көрген көрмегенін нақты сараптама дәлелдейді.

«Сотқа дейін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бірнеше сараптама тағайындалған»,-деді Түркістан облысы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат ҚАРАГӨЗОВА.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

педофил
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир