Алматы облысында 85 жастағы қауқарсыз қарияны тонап кетті

Алматы облысында 85 жастағы қауқарсыз қарияны тонап кетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысында 85 жастағы қауқарсыз қарияны апталдай еркек тонап кетті. Қажетіне ақша таппаған қарақшы зейнеткерді тонап, қылмысын жасыру үшін оны  газға тұншықтырып өлтірмек болған. Айуандық әрекетке барған 42 жастағы тұрғын үйде үш сағат ойран салып, көзіне көрінген дүниенің бәрін арзан бағаға сату үшін ала беріпті. Ал тәлтіректеп таяқпен әрең жүретін қарт ана есін жиып, іші газға толған үйден сыртқа шығып үлгерген.

«Шкафтарды қопарып, ыдыстарға дейін шашып, сындырып тастады.  Ешкімге хабарламау үшін телефонымды сындырып тастады. Қараңғы түсе кешкі сағат алтыда терезеден кірген. Сағат тоғызда түк болмағандай шығып кетті»,- деді Софья НЕГОДУЙКО.

Күдіктінің айтуынша ол құрбанын ұзақ аңдып, әзірленген. Қарт әжейдің мектепте мұғалім болып жұмыс істейтін қызының кеш қайтатынын да алдын ала білген. Полицейлер тонаушыны саусақ іздері арқылы тез тауыпты. 

«Жедел тергеу амалдары барысында күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта осы қылмыс бойынша күдіктінінің кінәсі толық мойындалып, қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде»,-деді Алматы облысы талғар аудандық ІІБ тергеушісі, Мерей ИСЛАМБЕКОВ.

Новости партнеров