Теңге қайта әлсіреді. Еліміздегі валюта айырбастау бекеттерінде доллар құны қымбаттап, кешкі саудада 332 теңгені құрады. Ұлттық банк төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметовтың пікірінше, бұл дүние жүзілік нарықтағы өзгерістерге сәйкес болып отырған ауытқулар. Әрі, бұл жағдай ұлттық валютаның құнсыздануына еш қатысы жоқ дейді.
«Біз апта сайын валюта өзгерістерін жария етіп отырамыз. Бразилия мен Мексика валютасының құбылуы да біздің сайттан көрінеді. Қандай ауытқу болса да ол 4 пайызға дейін болады. Сондықтан ол құнсыздану емес. Жай ғана валюта нарығында болып отырған өзгеріс», - деді ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Алпысбай АХМЕТОВ.