|
21.11.2016 | 12:24
2148

Алматылық студенттер темекінің зияндығы туралы ғылыми зерттеулерін ұсынды

Алматылық студенттер темекінің зияндығы туралы ғылыми зерттеулерін ұсынды


Алматылық студенттер темекінің зияндығы туралы ғылыми зерттеулерін ұсынды. Жаман әдеттің ағзаға келтіретін залалын көпшілік назарына арнайы дайындалған көрмеде көрсетті. Жастар зерттеуін қысқа уақытта, оқу барысында дайындаған. Көрмеде бұдан өзге де жобалар қойылған. Алматыда жастар саясаты төңірегінде атқарылып жатқан жұмыстар қорытындыланды. Бұл тұрғыда жастарды жұмыспен қамту мәселесі басты бағыттың бірі. Жазда студенттер «Жасыл ел» ұйымының белсенді қатысушылары болады.

«Алматыда 500 мыңға жуық жастар бар. Яғни Алматы қаласының әрбір үшінші тұрғыны ол жас азамат. Алматы қаласында 135 мыңнан астам студенттер тұрады. Сол себептен кездесуіміз осы жастармен жасалып жатқан істердің аясында болмақ», - деді Алматы қаласы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ.

Жұмыспен қамтудан бөлек, тағы үш негізгі бағыт бар. Олар: ауыл және басқа өңірден келген жастар, еріктілермен және бос уақытын аулау сынды жұмыстары бар.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир