Наурызбай ауданында жаңа саябақ ашылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Наурызбайлық тұрғындарға тамаша тарту. Жас ауданда бұрын-соңды болмаған саябақ ашылды. 4 гектар жерді кәсіпкер өз қаржысына көріктендіріп, тұрғындарға тарту еткен. Саябақ ішіне балалар алаңы, баскетбол мен футбол алаңдары жасалған. Сондай-ақ, скейт және өзге де көңіл көтеру аймақтары бар. Маңайға орындықтар мен қоқыс жәшіктері, күннен қуатталатын жарық шамдары орнатылған. Жасыл желектің де сан түрі егіліп, бас-аяғы 500-ге жеткен екен. Айта кетсек, жаңа демалыс орыны тұрғындарға Елбасының "Туған жер" бағдарламасы аясында тарту етілді.

«Бұл ауданда мүлдем саябақ болмаған еді. Осыны ескере отырып, тұрғындардың игілігі үшін саябақ жасауды ұйғардық. Бұл жер бұрын қоршаумен қоршалып, іші күл-қоқысқа толып тұратын. Барлығын тазалап, маңайды көріктендіруге кірістік. Саябақты жасауға 320 млн теңге қаржы жұмсадық», - деді кәсіпкер Жанболат ТІЛЕУБАЕВ.


Новости партнеров