|
20.08.2018 | 13:18
1845

Назарбаев Кофи Аннан туралы: адал әрі мейірбан тұлға

Назарбаев Кофи Аннан туралы: адал әрі мейірбан тұлға

Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымының бұрынғы Бас хатшысы Кофи Аннанның қайтыс болуына байланысты туған-туысқандары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды baq.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Біріккен Ұлттар Ұйымының бұрынғы Бас хатшысы Кофи Аннанның қайтыс болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Кофи Аннан халықаралық деңгейдегі танымал саясаткер ретінде бүкіл ғұмырын әлемде тұрақтылық пен бейбітшілік орнатуға арнады.

Осыдан біраз жыл бұрын Кофи Аннан сынды парасатты, адал әрі мейірбан тұлғамен таныстым. Жаһандық дамудың өзекті мәселелеріне қатысты ұстанымдарымыз ұқсас болатын. Мен әлі күнге дейін кездесулеріміз бен өзара әңгімелескен сәттерімізді жылы сезіммен еске аламын», – делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев барша Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан К.Аннанның туған-туысқандары мен жақындарына, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымына көңіл айтты.

Айта кетсек, Кофи Аннан 18 тамызда Женевада 80 жасында қайтыс болды.

Сурет / Sputniknews.kz


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир