|
06.12.2016 | 10:02
1609

Назарбаев Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёевке құттықтау хатын жолдады

Назарбаев Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёевке құттықтау хатын жолдады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті болып сайланған Шавкат Мирзиёевке құттықтау хатын жолдады. Өз құттықтауында мемлекет басшысы өзбек халқының сенімділігі мен қолдауы осы сайлау барысында байқалғанын атап өтті.

«Мен бауырлас Өзбек елінде жүйелі даму, тұрақтылық пен қауіпсіздік Сіз жұмысқа кіріскеннен бастап орындалатынына сенімдімін» делінген хатта.

Сонымен қатар, елбасы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестікке жаңа леп келетінін және Орталық Азиядағы елдермен қарым-қатынасты нығайтуға болатынын атап өтті. Сөз соңында Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстанның жаңа президентін Астанаға шақырып, бауырлас өзбек елінің дамуы мен гүлденуіне өз тілегін жеткізді.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир