Алматы қалалық Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшылығына Мақсат Қиқымов келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Басқарманың баспасөз қызметінің мәліметінше, Мақсат Қиқымов бұған дейін Алматы қаласы «Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін басқарған.
Мақсат Қиқымов еңбек жолын 2006 жылы Алматы «Альянс банк» АҚ есепші бөлімінен бастаған.
Басқарманың жаңа басшысы туристік саладағы мәселелермен айналысады. Бұған дейін Мақсат Қиқымов «Алматы қаласы қаржы басқармасы» КММ басшысының орынбасары қызметін атқарған. Бұдан соң «Алматы қаласы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» КММ басшылығына келген. Кейіннен Алматы қаласы «Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы» КММ басшылығына тағайындалған.