«Алматы» арнасының Бас директорының жаңа орынбасары тағайындалды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Алматы» телеарнасының Бас директорының бірінші орынбасары болып Құрманбек Жұмағали тағайындалды.

Құрманбек Жұмағали 7 тамыз 1985 жылы дүниеге келген, 2008 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген.

Еңбек өтілі бойынша масс-медиа және телеменеджмент саласында 10 жылға жуық тәжірибесі бар.

Бұрын Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоры ҚҚ директоры, Қазақстан халқы Ассамблеясының баспасөз қызметінің жетекшісі, «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар Дирекциясының және аймақтық дамыту Дирекциясының директоры, ұлттық арнадағы «Сенбілік кездесу» ток-шоуының жүргізушісі, Қарағанды облысы әкімдігі баспасөз қызметінің басшысы қызметін атқарған, сондай-ақ «Хабар» арнасының Ақпараттық бағдарламалар дирекциясының продюсері, қорытынды жаңалықтар жүргізушісі болды. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.


Новости партнеров