Алматыда 25 түп ағаш отырғызылды

Алматыда 25 түп ағаш отырғызылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Тәуелсіздікке тарту. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына 25 түп ағаш отырғызылды. Әуезов ауданына қарасты Ақсай ықшам ауданы аумағына жеке кәсіпкер қарағайдың көшеттерін екті. Көгалдандыру шаруашылығымен айналысатын кәсіпкер 200-ден аса ағаш отырғызған. Олардың басым бөлігі мектеп пен балабақшаға тиесілі. Жалпы, Әуезов ауданы бойынша жыл басынан бері 5220 түп көшет отырғызылған. Оның 4 мыңнан астамы қалалық әкімдік тарапынан жерсіндірілген.


«Біз көріп отырған қарағайларды Александр Руппель деген кәсіпкер жеке қаржысына отырғызуда. Тәуелсіздік күніне орай 25 түп көшет егілді. Бұл жерде мектеп, балабақша және тұрғын үйлер бар. Яғни, жасыл желектер халықтың игілігі үшін осы жерге отырғызылды»,- деді Алматы қаласы Әуезов аудандық Қоршаған ортаны қорғау және экология бөлімінің басшысы, Ғалия ТӨЛЕГЕНОВА.



Новости партнеров