Алматыда мүгедек жандарды күтушілерге жаңа жәрдемақы төленеді

Алматыда мүгедек жандарды күтушілерге жаңа жәрдемақы төленеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биылдан бастап, 18 жастан асқан 1-ші топтағы мүгедектерді күтушілерге ақы төленеді.

Осы айдан бастап төленетін жәрдемақы көлемі 29 мың 699 теңге. Оған қоса, жарымжан жанның жағдайын жасап, күтім көрсеткен кісінің бұл қамқорлығы, еңбек өтілі ретінде де саналады.

«Жалпы қала бойынша алатын адам саны шамамен, 1 жарым мың адам құрап отыр.  Мұндай жәрдемақы бұрын тағайындалмайтын. Оған қажетті құжаттарды айтатын болсақ, мүгедек адам жеке куәлігін тапсыру керек. Одан кейін қамқоршылық белгіленген жағдайда, оны растайтын құжат керек. Күтім жасайтын адамға да өзінің куәлігін тапсыру керек болады. Банк шотынан мәлімет беруі керек. Психикалық есепте тұрамағандығы туралы анықтама қажет», – Алматы қаласы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің  басшысы Айдынжан НАРМАТОВ.

Новости партнеров