Алматыда жедел медициналық көмек көрсететін қосалқы станция ашылды

Алматыда жедел медициналық көмек көрсететін қосалқы станция ашылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда 11-ші жедел медициналық көмек көрсететін қосалқы станция ашылды. Көлемі 1 мың шаршы метрді құрайтын екі қабатты ғимарат жергілікті бюджеттің қаржысына бой көтерген.

Наурызбай ауданының «Шұғыла» елді мекенінде салынған қосалқы станцияда 20 шақты көлікке арналған тұрақ бар. Онда шақыртуларға тез жету үшін 14 бригада күндіз-түні тынбай жұмыс істейді. Жаңадан ашылған жедел жәрдем бөлімшесінде 9 фельдшер, 20 шақты дәрігер және 78 медициналық қызметкер бар.  

«Соңғы жылда қаламыздың үлкейіп, жаңа аудандардың ашылуына байланысты жаңа қосалқы станциялардың ашылуына керек жағдай туды. Сол себепті, Наурызбай ауданының әкімшілігінен 489 миллион теңге қаражат бөлініп, осы қосалқы станция салынды. Ол 70 сотық аумақта орналасқан», – деді Алматы қаласы Медициналық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері Сәбит ПАЗЫЛОВ.

Айта кетейік, 90 жылдық тарихы бар «103» қызметінде жалпы, 177 бригада және 2 мыңнан аса медициналық қызметкер халыққа алғашқы көмек көрсетеді. Айтуларынша, жедел жәрдемге күніне шамамен, 3000-ға жуық хабар түседі екен.  


Новости партнеров