Астана мектептері қаржыландырудың ерекше түріне көшетін болды

Астана мектептері қаржыландырудың ерекше түріне көшетін болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астана мектептері қыркүйектен бастап қаржыландырудың тың түріне көшеді. Дәлірек айтсақ, елордадағы оқу орындарында бұдан былай әр оқушыға жеке қаржы бөлінеді.

Жан басына шаққандағы ақша құю жүйесі аясында әрбір баланың жеке есепшоты ашылып, қаржы жіберіліп отырмақ. Бірақ бұл оқушы ақшаны қалағанынша, өз бетімен жұмсайды деген сөз емес.

2017 жылдан бері Астана мектептерінде пилоттық жоба ретінде енгізілген бастама бір жылда түрлі деңгейдегі мектеп оқушылары немесе ерекше балалар мен үйде тәлім алатындар деп бөлмей, барлығына мемлекет қаржысын тең бөлуге мүмкіндік берген.  

«Бұл қолға алған жүйе – білім беру сапасын арттырумен қатар, үш ауысыммен күресу жолы. Біздің директорлар мен мұғалімдер бәрін дұрыс түсінген. Әрбір жаңадан келген бала, оқушы – қосымша қаржыландыру көзі. Сондықтан қазірдің өзінде осы 10 мектептің қанша бала оқыта алатыны нақты белгілі болуда», – деді Астана қалалық Білім басқармасының басшысы Әнуар ЖАНҒОЗИН.

Жаңа оқу жылында Астананың 105 мектебінде 155 мыңға жуық бала сабаққа барады. Оның  18 мыңы – бірінші сынып оқушылары. Сондай-ақ, 2019 жылдан бастап елорданың он мектебі мемлекеттік мекемеден өз бетімен шаруашылығын жүргізетін мемлекеттік кәсіпорынға айналады.


Новости партнеров