Алматыда 600-ге жуық жаңа қоғамдық көлік сатып алынады

Алматыда 600-ге жуық жаңа қоғамдық көлік сатып алынады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда №17 мен 62-ші бағыттағы автобус құрамы жаңарды. Қазіргі заманға сай, смарт құрылғылармен жабдықталған көліктердің сапасымен қала әкімі Бауыржан Байбек танысып, мегаполисте ыңғайлы автобустарды көбейтуді тапсырды.

Биыл транспорттық реформа аясында Алматыдағы қоғамдық көліктердің 80 пайызы жаңаларына ауыстырылады. Былтыр 479 автобустың жартысынан көбі қала бюджетінің есебінен сатып алынған. Осы жылы 569 су жаңа қоғамдық көліктің 65 пайызы жеке компанияның қаражатына алынбақ.

Жолаушылар тарапынан түсетін шағымдар да көбейіп кеткен. Нарықтың 40 пайызын қамтитын «Грин бас» компаниясының көрсететін қызметіне тұрғындардың көңілдері толмайды. Сонымен қатар, аталған компанияның автобустарында «Оңай» жүйесі дұрыс жұмыс істемейді екен. Соны сылтауратып, жүргізушілер жол ақысын өздері алады.

Мегаполис басшысы Бауыржан Байбек тасымалдаушы компанияның қызметі нашар болса, қала тарапынан қолдаудың шектелетінін айтты.  

«Біз үшін ең бастысы – қызмет сапасын көтеру. Жолаушылардың ыңғайлы автобустарда отыруын қамтамасыз ету. Тасымалдаушы компанияның көліктері жаңа, іші таза, жүргізушілері сыпайы болса, біз субсидиялауға дайынбыз. Ал талапқа сай келмесе, қаражатты қайтып аламыз. Үш жыл бұрын осы транспорттық реформаны бастадық. Содан бері жеке компаниялар өздерін заңдастырып, заң бойынша жұмыс істеп келеді», – деді Алматы қаласының әкімі Бауыржан БАЙБЕК.


Новости партнеров