Алматы қаласының әкіміне жаңа жылжымалы сауда нысандары көрсетілді

08.11.2016 16:24


Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекке жаңа жылжымалы сауда нысандары көрсетілді. Кәсіпкерлерге қойылатын талап бәз баяғы - сауда нүктелерінің санитарлық нормаларға және ең бастысы, сәулеттік келбетіне сай келуі. Сауда-саттық саласында жұмыс жасайтын компаниялар осы мақсаттағы өздерінің ең үздік шешімдерін ұсынды. Олардың қатарында билет, баспа өнімдері мен гүл сататын дүңгіршектер, көкөніс павильондары, сондай-ақ аялдама кешендері бар. Шаһар басшысы Бауыржан Байбек сауданың халықаралық стандарттарға тезірек көшуі үшін шағын бизнесті қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

«Біз Алматының келбетіне келеді деген ойымызбен түстік гаммасын таңдап, өз стилімізді ұсындық», - деді кәсіпкер Роман ГУЗЫРЬ.