Алматы қаласы Наурызбай ауданында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша жаңа бөлімі ашылды. Онда 42 түрлі қызмет түрі көрсетіледі. Соның ішінде зейнетақы және жәрдемақы бойынша мәселелер бар. Ол Наурызбай ауданы халыққа қызмет көрсету орталығының үшінші қабатында орналасқан.
«Мен алтын алқа иегерімін сол құжаттарымды рәсімдеуге келіп едім. Осы жерге келгеннен бері бұрын біз Тау самалында болған кезде онша енді жол бар, мына жерде өте ыңғайлы. Автобустар қатынап жатыр. Бәрі бір жерде. Мемлекеттік кірістер басқармасы өте ыңғайлы. Аудан тұрғындары, халық игілігі үшін жасалған нәрсе деп білемін», – дейді Гүлсара ӘБІШЕВА.
«Күнделікті 30-40 адамдай келеді сұрақтар бойынша. Сол бойынша мамандардың тексеру барысымен өтіп, электронды макет бойынша қарастыруға департаменттерге жолданады бізде. Іс құжаттардың тізімі бойынша зейнетақы, жәрдемақы алушылардың керекті құжаттарын бізде фронт офис мамандары бар екінші қабатта солар тізімдерін береді. Толықтай тексеріп бізге жолдайды», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ Әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша Алматы қалалық филиалы Наурызбай аудандық бөлімінің басшысы Теміржан ҚҰРАЛОВ.