«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

02.02.2018 14:17

Ірі партияда жетекші ауысты. «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары болып Мәулен Әшімбаев тағайындалды. Әшімбаевты мемлекет басшысы партияның саяси кеңесі бюросында таныстырды деп Ақ орданың твиттердегі парақшасында жарияланды. Ал, қызметінен босаған Мұхтар Құл-Мұхаммед Сенат депутаты атанды. Бұған дейін Мәулен Әшімбаев парламент мәжілісінің депутаты, халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметін атқарған.